Шымкентте 6 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

0
844

Баланың жағдайы ауыр.


Шымкентте 6 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Шымкенттегі Еңбекші ауданы, Орынбай ақын көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан 6 жасар ер бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқыс оқиға 26 маусым күні сағат 19:00-де болған.

"Бүгінгі таңда бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, есепті кезеңде Шымкент қаласында терезеден құлау бойынша 3 жағдай тіркелді. Барлық жағдайда балалар жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлаумен байланысты жазатайым оқиғалар саны төмен. Дегенімен терезеден құлау фактілері әлі де орын алуда.