Шымкентте 32 жастағы ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

0
881

Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірген.


Шымкентте 32 жастағы ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан дүкеннің шатырына абайсызда құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірген.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шағын аудандағы Шаяхметов көшесінде болған. Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған.

- Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.