Шымкентте 2025 жылға дейін 250-ден астам мәдениет нысаны салынады

0
682

Қазіргі таңда «Конгресс-холл» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте 2025 жылға дейін 250-ден астам мәдениет нысаны салынады

Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 259 мәдениет обьектісін салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Сейітханұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Қазіргі таңда Шымсити аумағында заманауи үлгіде, халықаралық стандартқа сай «Конгресс-холл» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Конгресс холл – халықаралық конференциялар, фестивальдер, концерттік бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды орталық болады.
Құрылыс нысанынның жалпы жер көлемі 5,240 га, ғимараттың құрылыс ауданы – 17965 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады.
2066 орынға арналған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 60 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс-онференция өткізетін зал, асхана, көлікке жер асты тұрағы қарастырылған.
Аталған жобаны іске асыру мақсатында Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі кешендік даму жоспарына енгізіліп, республикалық және жергіліктен бюджеттен қаржыландырылған.
Орталықтың құрылысы 2021 жылдың тамыз айында басталған. Қазіргі таңда құрылыстың 70%-ы аяқталған. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 1241 мәдениет обьектілерін жөндеу жоспарланып отыр. Ал, 2023 жылға 9 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған. Атап айтсақ:

1. Шымкент қалалық опера және балет театрының шатыры мен жылу жүйесіне күрделі жөндеу;

2. Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының сахнасын демонтаждау жұмысы;

3.Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасыныңжылу жүйесін жөндеу жұмысы;

4. Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі жылу жүйесін қайта жөндеу жұмыстары;

5. Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №1 бөлімшесінде жылу есептегіш құралын орнату;

6. Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №3 бөлімшесінде жылу есептегіш құралын орнату;
7. Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №4 бөлімшесінде жылу есептегіш құралын орнату;
8. Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №7 бөлімшесінде жылу есептегіш құралын орнату;
9. Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №14 бөлімшесінде жылу есептегіш құралын орнату.