Шымкентте 20 жастағы қызды жалдамалы пәтерде тұншықтырып өлтірген (видео)

0
1 678

Бойжеткеннің аяғы ауыр болған.


Шымкентте 20 жастағы қызды жалдамалы пәтерде тұншықтырып өлтірген (видео)

фото кадрдан скринделген

ERNUR.KZ. Шымкентте бойжеткеннің мәйіті табылды. 20 жастағы қызды жалдамалы пәтерлердің бірінде тұншықтырып өлтіріп кеткен. Пәтер иесі марқұмның денесін тек екі тәуліктен кейін ғана байқапты. Себебі, баспананы жалға алған жігіт есікті сыртынан құлыптап, өзі белгісіз жаққа қашып кеткен көрінеді. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Бойжеткеннің мәйіті 18-ші шағын аудандағы "Атамекен" тұрғын үй кешенінен табылған. Үй төрайымының сөзінше, мұнда жалға берілетін пәтерлер көп көрінеді. Әлгі күдікті де осы жерден екі тәулікке пәтерді жалға алыпты. Сөйтіп өзімен бірге бойжеткенді ертіп келген.

Мына суретте марқұмның етбетінен жатқан денесін байқауға болады. Оның жанында тоққа қосылған ұялы телефон мен шаш бұйралайтын құрылғы жатыр.

Полицейлер марқұмның Түркістан облысының тұрғыны болғанын айтады. Жасы 20-да екен.

"Мәйітті қарау барысында мойын тұсында қылқындыру белгілері анықталып, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды" - дейді Шымкент қаласы ПД басшысы, Ералы Жұмаханбетов.

Осы оқиға бойынша, адам өлтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шұғыл іске кіріскен тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, көп ұзамай қолға түсірген. Ол Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны екен. Жігіт сол маңдағы бейнекамераға түсіп қалыпты.

Марқұмның денесін алғаш пәтер иесі байқапты. Екі тәулікке жалға алған жігіттен хабар болмаған соң, өзі үйге келіп, сұмдық жағдайды көрген. Полицейлерді шақырған да сол кісі екен. Ал үй төрайымы естіп-білгенін былайша баяндап берді.

"Тыныш болғанда енді екі өлім. Ана жақта бізде бір жігіт қайтыс болған 10-шы этаждан құлап кеткен.Тоже квартира снимать еткен. Жас жігіт 29-да. Мына кісі енді 20-жастағы қыз. Еще беременная" - дейді тұрғын үй кешенінің төрайымы, Зубайра.

Осы күні күдікті қамауға алынған. Қаскүнемнің неліктен жас қыздың өмірін қиғаны әзірге белгісіз. Жай-жапсары тергеу барысында белілі болады дейді полицейлер.