Шымкентте 10 адамнан тұратын топ ұсталды

0
288

Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін.


Шымкентте 10 адамнан тұратын топ ұсталды

ERNUR.KZ. Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды.


Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады. Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан.

Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін. Тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.