Шымкентке қыдырып келген өзбекстандық сәби уланып қалды

0
2 077

Шымкенттік ақ халаттылар уланған сәбидің өмірі үшін күресіп,​ аман алып қалды.


Шымкентке қыдырып келген өзбекстандық сәби уланып қалды

Шымкент қаласында көрші Өзбекстан Республикасынан туыстарына қонаққа келген бір жасар бала жараны күйдіретін улы сұйықтық ішіп қойған. Бүлдіршін жедел түрде ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жан-сақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, дәрілік сұйықтық баланың ауыз қуысын күйдіріп, ішкі ағазасын улап жіберген. Жедел реанимациялық көмектің арқасында нәрестенің жағдайы жақсарып, жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырған. Қазір уланып қалған балақай анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, улы сұйықтық ішіп қойған - Өзбекстан елінің азаматы. Ата-анасы Шымкентке қонаққа қыдырып келіп, ойламаған жерден оқыс жағдайға тап болған.

"Сүйелді кетіретін "чистотель" деген сұйықтықты дәріханадан сатып алғанбыз. Балам абайсызда ойнап жүріп, сұйықтықты ішіп қойды. Уланып қалған баламды көргенде қайта көре алмаймын ба деп қорықтым. Дәрігерлерге рақмет баламды ажалдан аман алып қалған", - дейді баланың анасы Сарбиназ Аронова.

Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық кішкентай пациентті әлі үш-төрт күн қадағалауына алып, жағдайын бақыламақ. Ең бастысы, ауыз қуысы күйіп қалған бір жасар бала ешқандай кедергісіз тамақтанып жатыр екен.