​ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНАН ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕЛЕР ӨТТІ

0
858


​ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНАН ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕЛЕР ӨТТІ

Астана алаңында “Армысың, әз-Наурыз” атты мерекелік іс-шара аясында ұлттық спорт түрлерінен - қазақ күресі, қошқар көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күрестен сайыстар ұйымдастырылды.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала тұрғындары тартысты бәсекелерді тамашалап, балуандарға қолдау көрсетті.

Қазақ күресінен түйе палуандар арасында қаланың ашық турнирінде белгілі спортшы Ерсұлтан Мұзаппаров топ жарды. Тәжірибелі балуан финалда Нұрсұлтан Қожагелдіұлынан басым түсті. Әлем чемпионы Әділжан Ыстыбаев пен жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері Мейіржан Әбдімәліков үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаз балуан 200 мың, екінші орын иегері 100 мың, үшінші орын иегерлері 50 мың теңге қаржылай сыйақылармен марапатталды.
Қол күрестен қала тұрғыны Бауыржан Бекет мықтылығын көрсетіп, жеңімпаз атанды. 100 келілік қошқарды 47 рет көтерген Сапарғали Салқан үздік нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық атудан да үздіктер анықталды.
«Шымкент келбеті»