ШЫМКЕНТ: Су басқан көшелер қала әкімінің бақылауында

0
275

Ғабит Сыздықбеков халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар жүктеді.


ШЫМКЕНТ: Су басқан көшелер қала әкімінің бақылауында

ERNUR.KZ. Бүгін тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан Шымкент қаласындағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты.

Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға төтеншеліктер мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника мен 10 мотопомпа жұмылдырылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде аталған елдімекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында.