ШЫМКЕНТ: Полицейлер ұрланған бойжеткенді тапты

0
1 783

Алып қашқан жігіттер анықталды.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер ұрланған бойжеткенді тапты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте полицейлер қаланың 18-мөлтек ауданында жігіттер алып қашқан қызды тапты, деп жазады "Хабар-24".

Алып қашқан жігіттер анықталған. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жігіттер қызды үйлену үшін ұрлаған.

"Бұл дерек бойынша 126-баптың 2-бөлігі 1-тармағы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүріп жатыр", - деді Шымкент Полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Дәулеткелді Әбдіраманов.

Еске сала кетсек 29 наурыз күні қыз алып қашқан сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болған. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты үйлердің бірінің ауласында бірнеше жігіт қызды күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Қыз қарсылық көрсетіп, көмек сұраған. "Менің терезем көшеге қарайды. Сағат 1:30 шамасында. Айғай естілді. Қыз айғайлады. Кейін тағы бір қыздың айғайлағаны естілді. Содан кейін шу шығып, көлік асқан жылдамдықпен кетіп қалды", - дейді мөлтек аудан тұрғыны.