ШЫМКЕНТ: Полицейлер адасқан 80 жастағы әжені үйіне жеткізді

0
1 403


ШЫМКЕНТ: Полицейлер адасқан 80 жастағы әжені үйіне жеткізді

2019 жылы 20 наурызында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның қызметкерлері үйінен шығып кеткен 80 жастағы қарт ананы тауып, туыстарына табыстаған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Тәртіп сақшыларының айтуынша, Сайрам елдімекенінде көшеде жалғыз жүрген қарияны байқап сұрастырған кезде кейуананың өзі қайда жүргенін білмейтіндігін, адасып қалғанын айтқан.
"Полиция қызметкерлері апаны тез арада Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция пунктіне жеткізді. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде адасқан апаның мекен-жайы Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылының тұрғыны екендігі анықталып, мекен-жайына жеткізіліп, туған-туыстарына тапсырды"-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.