ШЫМКЕНТ: оңалту орталықтарында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

0
1 284

Мақсат - мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетуде туындап жатқан проблемаларды айқындап, қызмет сапасын жақсартуды жетілдіру.


ШЫМКЕНТ: оңалту орталықтарында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев пен қалалық жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейдакбар бастаған жұмыс тобы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралады.

Мақсат - мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетуде туындап жатқан проблемаларды айқындап, қызмет сапасын жақсартуды жетілдіру.

Қаладағы «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» 18 жастан асқан І - ІІ топтағы мүгедектігі бар қызмет алушы азаматтардың стационарлық өмір сүруіне арналған. Қызмет алушылары психоневрологиялық ауруы бар азаматтар. Науқастардың дерті асқынбауы үшін оларға үздіксіз оңалту шаралары көрсетіліп, дәрі-дәрмектер беріліп отырады. Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев аралау барысында әсіресе осы мәселеге мән берді. Орталықта қазіргі таңда дәрі -дәрмектің 6 айлық қоры бар. Емдік шаралар міндетті түрде дәрігер нұсқауымен қабылданады.
Ғимараты осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген аталмыш орталық 225 адамға арналған. Қазіргі таңда мұнда бос орын жоқ. Орталық басшысы Нұрғали Ешенқуловтың айтуынша оңалту орталығын кеңейту қажеттілігі туындауда. Сондықтан жобалық сметалық құжатының қорытындысы әзірленіп, келесі жылы қосымша 50 орындық ғимараттың құрылысы жоспарлануда. Әзірге жобалық сметалық құжаты әзірленген.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» психологиялық көмек көрсету мен дефектолог кабинеті, дәрігерлер, гинекологиялық, стоматологиялық кабинеттер және заманауи техникалармен жабдықталған медициналық бекет, ине егу бөлмесі, кризис, паллиативтік көмек көрсету бөлмелері, тірек-қимыл аппараты бұзылған қызмет алушы азаматтарға ыңғайлы жеке гигиеналық бөлмелер және тренажерлық зал, караоке, мәдени іс-шаралар залы мен еңбек терапиясы қарастырылған. Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін монша, шаштараз қызметтері де орталықтың аумағында орналасқан.