​ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 160-қа жуық тексеру жүргізілді

0
777

Тексеру нәтижесінде 179 заң бұзушылық анықталды.


​ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 160-қа жуық тексеру жүргізілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында мемлекеттік еңбек инспекторларымен - 154 тексеру жүргізіліп, 179 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді.
Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 149, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 23, жұмыспен қамту – 7 бұзушылықтардың негізінде - 76 нұсқама беріліп, анықталған бұзушылықтардың 145-і жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді.
Аталған бұзушылықтар бойынша 15,5 миллион теңгеге 58 айыппұл салынып, оның ішінде 6,1 миллион теңге сомасына 43 айыппұл өндірілді.
2022 жылға, өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға) – 0,31%-дан асырмау болып бекітілген. Бұл көрсеткіштің орындалуы бүгінгі таңда 0,04%-ды құрап отыр.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: Баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының жол картасына енгізілген көрсеткіштер бойынша:
Ағымдағы жылға еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтар үлес салмағы, анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санына орындалу көрсеткіші 92,4% бекітілген болса, ағымдағы жылдың осы кезеңіне орындалу деңгейі – 81,0% құрады.
Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі – 98,3% құрады.
«Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі 85%, ал Еңбек министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шарттарыненгізу 3 898 кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шарты енгізілу межеленген, бүгінгі таңда орындалуы 59%.
Басқарма тарапынан, еңбек сақтау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 684 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді.