«ШЫМКЕНТ МАРАФОН»: Үшінші мегаполисте жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді (видео)

0
1 427

Аталған марафонның жүлде қоры 5 000 000 теңге.


«ШЫМКЕНТ МАРАФОН»: Үшінші мегаполисте жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді (видео)

Шымкентте «ШЫМКЕНТ МАРАФОН» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы 29 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Шымкент Марафон» атты жүгіруден бұқаралық марафоны өтеді. Жүлде қоры 5 млн. теңге болып отырған марафонға 4 арақашықтық бойынша Қазақстан мен ТМД елдерінің 40 қаласынан жиналған спортсүйерлер қатысады деп күтілуде. Қатысушылар қатарына қосылу үшін marathon.royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

Айта кетейік, аталған спорттық шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары және «Evrika» сауда үйі ұымдастырып отыр.