ШЫМКЕНТ: келер жылы Тұран ауданында жастар ресурстық орталығын ашу жоспарлануда

0
970

Бүгінде Шымкент қаласы аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар.


ШЫМКЕНТ: келер жылы Тұран ауданында жастар ресурстық орталығын ашу жоспарлануда

Шымкент қаласында жылы Тұран ауданында жастар ресурстық орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы айтты.

Бүгінде Шымкент қаласы аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32% құрайды.
Қалада 2023-2024 оқу жылында 261 мектепте 265 мыңға жуық оқушы, 8 жоғары оқу орнында 74 451 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 49 493 студент білім алуда.
«Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бекітілген жастарға қызмет көрсету бойынша нысаналы индикаторларын орындау мақсатында жалпы 32 әлеуметтік және мемлекеттік тапсырыс негізінде жобалар қарастырылған.
Бүгінде аудандарда Жастар ресурстық орталықтары ашылып, өз жұмыстарын жасауда. 2024 жылы жаңадан құрылған 5-ші аудан Тұран ауданынан жастар ресурстық орталығын ашу жоспарлануда», - деді Мөлдір Кеуенова.
Бүгінде аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметі 5 бағытқа негізделген.
Олар:
І. Жастарға қызмет көрсету бағыты;
ІІ. Талантты жастарды қолдау бағыты;
ІІІ. Коворкинг орталығы;
ІV. Шағын кітапхана;
V. Психологиялық кеңес беру.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін, Орталықтың жылдық жоспары бекітіліп, жыл соңына дейін қаладағы 360 000 жуық жасты қамту жоспарланып отыр.