ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы көпқабатты 35 үйдің ауласы дезинфекцияланды

0
983

Жұмысшылар арнайы киімдермен және құрал - жабдықтармен қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы көпқабатты 35 үйдің ауласы дезинфекцияланды

Қаратау ауданындағы көпқабатты 35 үйдің ауласы дезинфекцияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданы аумағындағы "Нұрсәт" шағын ауданы аумағындағы 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен кіреберістері жұқпалы індетке қарсы залалсыздандырылды.
Сонымен қатар, қоқыс контейнерлерін мекеме тарапынан кестеге сәйкес залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.
Айта кетейік, Қаратау ауданында тұрғын үй аулалары мен көшелерді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ол үшін жұмысшылар арнайы киімдермен және құрал - жабдықтармен қамтылған.