ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы көп қабатты үйлер маңы залалсыздандырылды

0
922

Сонымен қатар, аудандағы ішкі орамдық көшелерге де дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы көп қабатты үйлер маңы залалсыздандырылды

Қаратау ауданындағы көп қабатты үйлер маңы залалсыздандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, ауданына қарасты Ақ жайық шағын ауданы мен Төлеметов және Көкшетау көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің аулалары мен кіребестері залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, аудандағы ішкі орамдық көшелерге де дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Еске сала кетейік, пандемияның алдын алу жұмыстарына аса көңіл бөлінген. Аудандағы қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларын дәрілеу жұмыстары кестеге сай күнделікті жүргізілуде.