ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы 419 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы залалсыздандырылды

0
727


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы 419 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы залалсыздандырылды

Қазіргі таңда Қаратау ауданының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшалар мен көпқабатты үй кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, Шахан-2, Сұлтан, Ладушки кондитерлік орталығы, Метро сауда орыны мен азық-түлік дүкендері аумағына күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Келушілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында залалсыздандыру жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуі мамандардың бақылауында.
Сонымен қатар сауда орындары санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізуде. Тамақтану орындары мен дүкендер ара қашықтықты сақтай отырып, келушілерге қызмет көрсетуде.