ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды

0
430

Аудан аумағында 3 аллеяның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Шымкент қаласы Қаратау ауданында тұрғындардың қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, аудан аумағында 34 балалар және 7 спорт алаңша салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр.
Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме анықталуына орай атқарылатын болады. Сонымен қатар, аудан аумағында 3 аллеяның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар. Үшінші мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсері анық. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың дана егілді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалада жасыл желекті көбейтуді тапсырған болатын.

«Абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған мердігерлер қала аумағындағы әрбір нысанға арнайы паспорт пен дизайн код жасайды. Ең алдымен ұңғымаларды қайта қалпына келтіреді. Қазір мекемелер қалада жасыл желекті көбейту мақсатында түрлі ұсыныстар беруде. Мердігерлермен жасалатын келісім шарт мерзімінің 5 жылға ұзартылғаны да олардың жауапкершілігін артырып, жұмыс сапасын жақсартады», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жайлы ортаны дамыту басқармасының қала аумағындағы көшелер тазалығын жақсартуда жоспарларымен танысты. Бұл жұмыстар 5 бағытта жүргізілетін болады. Бірінші санаттағы күре жолдарда механикалық, санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Екінші санаттағы орталық көшелер айына үш рет, аудандық маңызы бар орталық көшелер айына бес рет арнайы техникалардың көмегімен жуылады. Қосымша 50 адамнан құралған арнайы бригадалар сенбілік ұйымдастырады.

Өз кезегінде шаһар басшысы жауаптыларға жасыл желекті көбейтіп, көріктендіру жұмыстарын, көшелердің тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.