ШЫМКЕНТ: қала әкімі ардагерлермен кездесті

0
657

Дөңгелек үстел басында қала басшысы ардагерлермен бас қосып, мегаполистің даму барысын, алдағы ауқымды жоспарларды талқылады.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі ардагерлермен кездесті
ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығында» болып, ардагерлермен кездесті.
Ең алдымен, ғимаратты аралап, қарияларға көрсетіліп жатқан қызмет сапасын бақылады. Мұнда былтыр жалпы 12 мыңға жуық зейнеткер қызмет алған. Жыл басынан бері орталыққа 690 қарт келуде. Мамандар зейнеткерлерге екі ауысымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп, медициналық, кәсіптік оңалту шараларын жүргізеді.

Дөңгелек үстел басында қала басшысы ардагерлермен бас қосып, мегаполистің даму барысын, алдағы ауқымды жоспарларды талқылады. Егде буын өкілдері қала халқының тұрмысын жақсартуда, жұмыссыздықпен күресте, жайлы ортаны қалыптастыруда өз ұсыныстарын жеткізді. Ардагерлер жылдар бойына шешімін күткен «Фосфоршылар» сарайының қала меншігіне өтуі, «Ардагерлер үйі» ғимаратының оңтайлы шешілуі сияқты игі істерге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін ауқымды бастамаларға қолдау білдіріп, оң бағасын берді.

Кездесу барысында Ғабит Әбдімәжитұлы ардагерлердің ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, алдағы уақытта қаланы дамытуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.