ШЫМКЕНТ: инвесторлар ең үлкен қоқыс өңдеу зауытын салады

0
765

Қазіргі уақытта бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан.


ШЫМКЕНТ: инвесторлар ең үлкен қоқыс өңдеу зауытын салады

Шымкентте ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда, хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаратын болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Қазіргі уақытта бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отыр.
Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып отыр.
Айта кету керек, биыл ақпан айында қалалық полигон қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осы уақытқа дейін жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп, қазір полигон жағдайы едәуір жақсарды.
Осы кезеңге дейін полигонда жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізілді, бұл қоқыс алаңының жағдайын едәуір жақсартты. Сонымен қатар, полигонның айналасындағы шашылған қоқыстар жиналды.
Мұнан бөлек қоқыс өңдеу зауытының құрылысына инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде.

Қытай компаниялары қалдықтарды өртеу зауытының құрылысын салуды ұсынды, Германия компаниясы полигон салу үшін заманауи материалдарды ұсынды. Ал испандық AUDITORES ENERGETICOS AFN компаниясынан коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізу бойынша ұсыныс түсті. Компания өкілінің ақпаратына сәйкес, AEN технологиясы экология бөлігінде бірқатар артықшылықтарға ие - бұл «Нөлдік қалдықсыз цикл» деп аталатын процесс және экология мен халықтың қауіпсіздігі бөлігінде қабылданған Еуропалық директиваларға сәйкес. Ұсынылған материалдар бойынша технология электр энергиясын өндіре отырып, қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға, сондай-ақ полигондағы қалдықтарды (шамамен 2 миллион тонна) қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның құны - 200 миллион еуроны құрайды.