ШЫМКЕНТ: Дендросаябақта өрт шықты

0
1 020

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


ШЫМКЕНТ: Дендросаябақта өрт шықты

Шымкент қаласындағы дендросаябақта өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

8 тамыз күні сағат 20:28-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би көшесінде орналасқан Асқаров атындағы «Дендросаябақтың» аумағында құрғақ шөптің жанғаны туралы хабар келіп түскен. Өрт сағат 20:50-де оқшауланып, сағат 20:56-де толығымен сөндірілді.

Өрттің көлемі 150 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 22 қызметкері, 4 техникасы жұмылдырылды.