ШЫМКЕНТ: Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жалғасуда

0
825

Тіркеу ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1 қыркүйегіне дейін жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жалғасуда

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі бойынша кеңес беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, автокөлікті 11 мың 946 теңге төлеп, қысқа уақыт ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуге болады.
Тіркеу құнына:
- 695 теңге - тіркеу үшін алым;
- 3 773 теңге - көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
- 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады. Тіркеу ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1 қыркүйегіне дейін жүргізілуде.