«Салауатты өмір салтын ұстану мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
476

Іс-шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында иммундық тапшылық вирусы (АИТВ) және жұқтырылған иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) алдын алу.


«Салауатты өмір салтын ұстану мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласында «Салауатты өмір салтын ұстану мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілді.

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында «Салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған кездесуге «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» маманы Назира Жургенбаева қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында иммундық тапшылық вирусы (АИТВ) және жұқтырылған иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) алдын алу.