Париждегі Олимпиада: Шымкенттен 34 спортшы лицензия алуға үміткер

0
143

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді.


Париждегі Олимпиада: Шымкенттен 34 спортшы лицензия алуға үміткер

2024 жылы Париж қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан 34 спортшы лицензия алуға үміткер, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов мәлімдеді.
Шілде айында бастау алатын Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына үміткер спортшылар Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстарға қатысуда.
Қазіргі таңда оқ атудан лицензиялық Азия Чемпионатында Чирюкин Никита Олимпиада Ойындарына лицензияны жеңіп алды.
Одан басқа байдаркада есу, бокс, батутта секіру, таеквондо, стенд ату, оқ ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, көркем гимнастика және құзға өрмелеу спорт түрлерінен 34 спортшы лицензия алуға үміткер.
Бұл спортшылармен жұмыс жоспары дайындалған. Қазіргі таңда алда болатын лицензиялық жарыстарға қызу дайындық жүргізілуде.