«Отбасы – тәрбие бастауы»: Шымкентте айтыс өтіп жатыр

0
814

Айтысқа жас ақындар және қаламыздағы білім ордаларының дарынды оқушылары қатысуда.


«Отбасы – тәрбие бастауы»: Шымкентте айтыс өтіп жатыр

Шымкент қаласы «Қаратау» өнер мектебінде жас айтыскер ақындар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен – Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулкеманов.

Өнер додасына Аллажар Бекмұратұлы, Мейіржан Жақып, Расул Баянбай, Бекарыс Рахматуллаев, Даниял Болысбек, Елсия Құлақмет, Сұлтан Сәуірхан, Нұрғали Әнәпия атты жас ақындар және қаламыздағы білім ордаларының дарынды оқушылары қатысты.

"Бүгін жас ақындардың арасында үлкен дода болып жатыр. Жастардың арасында айтыс ұйымдастырып, ұлттық өнерімізді ұлықтау және отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында осындай іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып отырмыз. Додаға түсіп жатқан жастарға сәттілік тілеймін", - деді Қаратау ауданының әкімі.

Өнер додасында ақындар ұлттық тәлім-тәрбие, отбасындағы ынтымақ, ата-ананың қадіріне жету, бала тәрбиесін дәріптеуде.

Айта кетейік, Шымкенттегі «Балдәурен» демалыс аймағында жас ақындар арасындағы республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті. Өнер сайысы биыл екінші рет Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы және Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен өтті. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ақын мен 16 айтыскер қатысты. Алдымен іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен талантты жастардың өнер күнгей өңіріне ғана емес, елімізге танымал ақын Бекарыс Шойбеков бастаған әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар құрамында белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла, Шымкенттегі өнер мектебінің директоры Маржан Есжанова, «Алтын домбыра» жүлдесінің үш дүркін иегері Мұхтар Ниязов, Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова бар. Сонымен, сайыс нәтижесі бойынша түркістандық Даниял Болысбек бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпазға күміспен апталған домбыра табыс етілді. Бірінші орынды Алматы қаласынан келген Айым Асылбекқызы алды. Екі екінші орынды Қызылордадан келген Нұрахмет Мансұров және Түркістан облысының саңлағы Аян Ниязбек ұтып алса, екі үшінші орынды шымкенттік жас ақындар Нұрғали Әнапия мен Жандос Мырзабеков қанжығаға байлады.