Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар нысандарды тексерді

0
653

«Бозарық» индустриалды аймағына барды.


Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар нысандарды тексерді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі «Бозарық» индустриалды аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққының құрылысы жүруде. Жұмыстың 46 пайызы орындалды. Сонымен бірге, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.

Сонымен қоса, қала әкімі Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқандаауыз су тарту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды

Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ.

Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.

Биыл мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылады.

Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді дер кезінде түзетіп, жұмыс сапасын үнемі бақылап отыруды аудан әкіміне жүктеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Осы айтылған жұмыстар уақытында орындалар болса, 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.