​«Мейірімділік керуені» республикалық байқауы басталды

0
1 147

Қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанға дейін қабылданады.


​«Мейірімділік керуені» республикалық байқауы басталды

«Мейірімділік керуені» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл байқаудың басты мақсаты қайырымдылықты, адамгершілік құндылықтарды, игі істерді насихаттау. Жақсы істер жасау, мұқтаж адамдарға көмектесіп, қиын жағдайда батылдық таныту.
Байқау жеңімпаздары бес номинация бойынша анықталады. «Асар» қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлерді дамытуға үлесін қосып жатқан адамдарды ынталандыруды көздейді. «Туған жер» аталымы – туған өлкеге білім беру саласында, экология және абаттандыру бағытында қайырымдылық көмек көрсетушіге, «Батыл жүрек» аталымы ерлік, қайсарлық танытқан азаматтарға беріледі. «Мейірім жолында» аталымы қайтарымсыз көмек көрсеткен, қайырымды жандарға беріледі. «Қайрымдылық тарихы» аталымы қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударуға атсалысып қайырымдылық тақырыптарға қалам сілтейтін және жариялайтын журналистерге беріледі.

Конкурсқа жеке немесе заңды тұлғалар қатыса алады. Ал мемлекеттік қолдаудың арқасында өтетін кәсіпкерлер субьектісі мен азаматтар қатыса алмайды. Жеңімпаздар ақпан айының соңында – Алғыс күні қарсаңында марапатталады.

Қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Өтінімдерді uasem@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
«Мейірімділік керуені» байқауы тұңғыш елбасы қоры мен іскер әйелдер қауымдастығы «Хабар», «КТК» телеарналарымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Іскер әйелдер орталығы Қазақстанда 25 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында орталық қоғамдағы әйелдермен жұмыс жасап, зорлық-зомбылықпен, жұмыссыздықпен күресіп, қайырымдылықпен айналысып келеді.