Құмар ойынға тәуелділік түбі - құрдымға кетіреді

0
299

Жастар белсенді қатысып, лудомания туралы өз ойларымен бөлісті.


 Құмар ойынға тәуелділік түбі - құрдымға кетіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді» - деген болатын.

Осы орайда, зиянды заттарды насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Лудомания – қауіпті дерт» тақырыбында Азимед колледжінің жастарына кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Шымкент қаласының Психикалық орталығының дәрігер психологы Алимова Ринада, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Тілләбек Саят және Тұран ауданы әкімдігінің қызметкері Сахов Мадияр қатысып, лудоманияның зияны мен салдары туралы толығырақ түсіндірді және онымен күрес жолында бірге жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында, жастар белсенді қатысып, лудомания туралы өз ойларымен бөлісті.
Бөлісу