Қайғылы оқиға: Шымкентте 2 жасар сәби терезеден құлап кетті

0
409

Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы тіркелді.


Қайғылы оқиға: Шымкентте 2 жасар сәби терезеден құлап кетті

Шымкент қаласында 2 жасар сәби сегізінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"112" құтқару қызметіне 14 қыркүйек күні кешкі сағат 20:40-та көп қабатты үйдің 8-қабатының терезесінен баланың құлауы туралы ақпарат келіп түскен. Қайғылы оқиға Қаратау ауданының Нұрсат шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда 8-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы тіркелді. Үш жағдайда балалар қайтыс болды, үшеуінде балалар жарақат алды.