«Белсенді ұзақ өмір орталығы»: Шымкентте 14 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсетілді

0
383

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» екі бөлімшесі бар.


«Белсенді ұзақ өмір орталығы»: Шымкентте 14 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсетілді

Шымкенттегі «Белсенді ұзақ өмір орталығында» жыл басынан бері 14 000-ға жуық зейнеткерге қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифинг барысында мәлім болды.
«Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» екі бөлімшесі бар (1 орталық, 2 бөлімше). Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жетті. Физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар. Орталықта 715-ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда», - деді басқарма басшысы Б.Нарбекова.

Айта кетейік, орталыққа келу үшін – жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі мен медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті.