"Ата-анасының қарауынсыз қалған": Шымкентте үш жасар бала терезеден құлап кетті

0
778

Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауымен 4 жағдай тіркелді.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 3 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

02 қыркүйек күні сағат 20:15-те көп пәтерлі үйдің 3-ші қабатындағы терезеден баланың құлауы туралы ақпарат келіп түскен.

Жазатайым оқиға Абай ауданының Жаңаталап кентіндегі Фабричная көшесіндегі 5 қабатты үйде орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2018 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала қалалық балалар ауруханасына сол жақта жамбас сүйегінің жабық сынуы, орны ауысуы және сол жақтағы төменгі аяқтың сүйектерінің жабық сынуы диагнозымен жатқызылды. Қазіргі кезде жағдайы орташа.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауымен 4 жағдай тіркелді.