​"Америкалық кинодағыдай": шымкенттік полицей халықтың ықыласына бөленді (видео)

0
217

Видеоны TikTok қолданушысы өз парақшасында жариялаған.


​

сурет: желіде жарияланған видеодан скриншот

ERNUR.KZ.Шымкентте полиция қызметкерінің жол қозғалысын реттеу дағдылары әлеуметтік желі қолданушыларының разылығына бөленді.

Видеоны TikTok қолданушысы өз парақшасында жариялаған. Ол көлікте кетіп бара жатып қызмет атқару барысындағы офицерді телефон камерасына түсіріп алған. Жарияланым авторы реттеушінің белгі беру кезіндегі қозғалыстарына тәнті болған.
«Мына полицей ағам американдық кинодағыдай қозғалады екен, айқын», – дейді автор.
Бейнежазба қоғамдық парақшалар да бөлісіліп, ол көптеген қаралым мен оң пікірлер жинады.
"Жұмысын сүйіп істейтіні көрініп тұр"," Білімі бар адам деген осы","Барлығы осындай болса ғой","Өз ісіне адал қарайтын азамат","Робот сияқты анық қимылдайды екен" деген сынды пікірлермен бөліскен желі қолданушылары.
Ал, кадрдағы патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Тауби Ысқақовтың ойынша, аталған видеода ерекше ештеңе жоқ.
– Мен тек өз жұмысымды орындадым. Жол қозғалысын ережеге сәйкес реттедім, – дейді инспектор. – Бұл 1 ақпан күні еді. Біз патрульдейтін аумақтағы көше қиылысында бағдаршам істен шықты. Көлік кептелісі мен оқыс оқиғаны болдырмау үшін дереу қозғалысты реттеуге кірістім. Әлбетте, бұл сәтте мені біреу камераға түсіруі мүмкін екені ойыма келмеген", – дейді ол.
Бір ерекшелігі, инспектор Ысқақов ішкі істер органдарындағы қызметін жол полициясында бастаған және 12 жыл бойы дәл осы бөлімшеде қызмет атқарып келеді.
Полицейдің айтуынша, кез келген жұмыста шынайы қызығушылық пен оны мінсіз және сапалы орындауға деген ынта маңызды.