“Алдынан көлік шыққан”: Шымкентте автобус металл бағанға соғылды

0
474

Жүргізушінің сөзінше, көлік жүргізу барысында аяқ астынан қарама-қарсы бағыттағы көлік алдынан шығып қалған.


“Алдынан көлік шыққан”: Шымкентте автобус металл бағанға соғылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бүгін Шымкент қаласы Бәйтереков көшесінде қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Автобус жүргізушісі аялдамаға жолаушыларды түсіргеннен кейін Назарбеков көшесімен төмен қарай жүрген. Жүргізушінің сөзінше, көлік жүргізу барысында аяқ астынан қарама-қарсы бағыттағы көлік алдынан шығып қалған. Осыған орай, соқтығыспау үшін ол рульді оңға бұрып, жарықтандырудың металл бағанасына соғылған. Зардап шеккен жолаушылар жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде автобустың тежегішінде ақаулық болмағаны анықталған
Айта кетейік, полиция қызметкерлері тарапынан жол апаты кезіндегі автобустың техникалық жағдайына сараптама жүргізілетін болады.