Халықаралық әйелдер күні ҚАЙДА және ҚАЛАЙ пайда болды?

0
2 012

8 наурызда митингке шығатын елдер де бар екен.


Халықаралық әйелдер күні ҚАЙДА және ҚАЛАЙ пайда болды?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шын мәнінде, біз тойлап жүрген халықаралық әйелдер күні бастапқыда мереке ретінде тойланбаған. Дәлірек айтсақ, 1857 жылы 8 наурызда зауыттарда жұмыс істейтін Нью-Йорк тұрғындары шеруге шыққан. Олардың талабы – әйелдерге арналған жұмыс күнінің ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайларының сапасын арттыру және ер адамдармен бірдей жалақы беру болған. Сонымен қатар, осы кездегі маңызды бір оқиға – өз мүдделерін қорғағысы келген әйелдердің кәсіподақ құруы еді. Сәйкесінше, бұл жағдай бүкіл әлемдегі белсенділерді жігерлендіріп, феминист, социалист және революционер Клара Цеткин мен оның серіктесі Роза Люксембург бұл күнді жыл сайын атап өтуді ұсынды. Бұл бастамаға 17 елдің белсенділері бір ауыздан қолдау білдірген.

Клара Цеткин мен Роза Люксембург, 1910 жыл.


Бірақ 1914 жылға дейін әйелдер өз күндерін наурыздың әртүрлі даталарында демонстрациялар және наразылық акцияларымен атап өткен.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі әйелдердің жағдайын көрсететін 1929 жылғы карта. Әйелдердің саяси құқықтары жоқ елдер қара түспен белгіленген. Ақ түспен боялған елдерде әйелдердің құқықтары қорғалған.


Ал, 1914 жылы 8 наурызда Ресей, Австрия-Венгрия, Германия, АҚШ және басқа да елдердің әйелдері құқық теңдігін талап ететін митингілер өткізіп, салыстырмалы түрде қатысушылар саны көп болған. Себебі, бұл жылдың 8 наурызы жексенбіге сәйкес келген. Бір сөзбен айтқанда, Халықаралық әйелдер күні – ең алдымен кемсітушілікке, шектеулерге және әлеуметтік тәуелділікке қарсы күресетін әйелдердің ынтымақтастық күні. Соның нәтижесінде бүгінгі қоғамдағы әйелдер білім алу, ақша табу және дауыс беру сынды мүмкіндіктерге ие болып отыр. Дегенмен, кейбір мемлекеттерде аталған салаға қатысты проблемалар да жоқ емес. Оларды шешу үшін әлі талай күрес жүргізіледі.


1914 жылы 8 наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған неміс плакаты.


1975 ЖЫЛЫ БҰҰ 8 НАУРЫЗДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ

Айтпақшы, кей адамдар 8 наурызды тойлау дәстүрі тек социалистік елдерде болған деп санайды, бірақ олай емес. Халықаралық әйелдер күні шын мәнінде бұрынырақ негізінен КСРО елдерінде атап өтілетін. Ал, қазір Ангола, Буркина-Фасо, Гвинея-Бисау, Камбоджа, Қытай, Конго, Лаос, Македония, Моңғолия, Непал мен Солтүстік Кореяда да тойланады. Бұл елдерде 8 наурыз – әйелдерге ерекше назар аударылатын демалыс күні. Меркенің негізгі нышандары – түрлі тәттілер, гүл шоқтары, мейрамхана, ұжымдық кештер және т.б.

● Қытай коммунистері 8 наурызды 1922 жылдан бастап тойлаған. Бүгінде Қытайда бұл күн демалыс күні болып саналады, бірақ тек ересек әйелдер үшін. Мерекеге деген көзқарасқа сәйкес, халық бұл күнді «жұмыс істейтін әйелдер немесе отбасы бар және үй шаруашылығымен айналысатындар күні» деп айтады.

● Мереке Кубада үлкен маңызға ие. 1959 жылы Фидель Кастро әйелдердің ерлермен тең дәрежеде соғыс қимылдарына қатысқанын атап өткен. Бұл мәлімдеме кубалықтардың басқа елдермен бірге тойлай бастаған Халықаралық әйелдер күнін бекітудің бастауы болды. Мұнда әйелдердің жан-жақты қасиеттері құрметтеледі.

● Италияда 8 наурыз күні әйелдерге мимоза гүлдерін сыйлау әдетке айналған. Бұл әдет Римде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған.

● Германияда 8 наурыз тек Берлиндіктер үшін демалыс күні болған. Ал, жалпыхалықтық сипатқа жиі-жиі ұйымдастырылған шерулерден кейін 2019 жылы ғана ие болды. Дәл осындай жағдай Франция мен Ұлыбританияда да орын алған.

● Америкада наурыз айы әйелдер тарихының айы болып саналады. Жыл сайын осы айда АҚШ президенті әйелдерге елдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтады.

Халықаралық әйелдер күніне арналған постер, Лондон, 8 наурыз 1975 жыл.


Қорыта айтсақ, бастапқыда мерекенің мақсаты – жұмысшы әйелдердің бостандығы мен теңдігі үшін күресу болды. Бірақ қазір бұл күн саяси астарын жоғалтты және көктем мен әдеміліктің символы болып саналады.


Қазір әйелдер күні әлемнің отыздан астам елінде атап өтіледі. Көптеген мемлекеттерде 8 наурызда ешкім жұмыс істемейді. Мысалы, Қытайда ең әдемі қыздар жыл сайын осы күні өткізілетін «Мисс Пекин» байқауына қатысады. Ал, қытайлық ер адамдар кешке кеңседен оралып, дәстүрлі тағам — «адалдық асқабағын» дайындайды екен.


Францияда 8 наурызда арнайы қайырымдылық базарлары өткізіліп, жиналған ақша батыр аналар қорына аударылады. Италия әйелдері мерекеде демалмайды, бірақ кешке кафелер мен мейрамханаларға жиналады. Айтпақшы, бұл күні Римде әйелдер барлық мұражайлар мен клубтарға тегін кіре алады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлемдегі ЕҢ БАЙ ҚАЙЫРШЫ қайда және қалай өмір сүреді?


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН: Наурыз айында қайда саяхаттаған дұрыс?