Әлемдегі ЕҢ БАЙ ҚАЙЫРШЫ қайда және қалай өмір сүреді?

0
1 575

Ол қазір миллионерлердің бірі.


Әлемдегі ЕҢ БАЙ ҚАЙЫРШЫ қайда және қалай өмір сүреді?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ең бай қайыршы саналатын Бхарат Джайн әлі күнге дейін Мумбай көшелерінде қайыр сұрайды екен. Джайн қазірдің өзінде 1 миллион долларға жуық байлықтың иесі (75 миллион рупий) және отбасын қажеттіліктермен толығымен қамтамасыз ете алады. Бірақ ол өзінің «бизнесін» тастағысы келмейтін көрінеді.


Индияның беделді әрі сенімді дереккөзі «Indiatimes News» біз айтып отырған ең бай қайыршының айына 60-75 мың рупий (бір мың АҚШ долларына дейін) табатынын хабарлаған. Сәйкесінше, бұл Үндістанда өмір сүру үшін әбден жеткілікті ақша екен. Себебі, бұл елде ресми түрде белгіленген орташа жалақы айына – 400 долларды құраса, көптеген жұмыс орындары жалақыны сағатына 59 центтен, айына шамамен 200 доллардан төлейді. Үндістандағы бағаның да төмен екендігін ескерсек, бұл азамат шынымен біршама байлық жинап алғанын болжау қиын болмайды.

Атап өтсек, Джайн Мумбайдағы құны 12 миллион рупийге (146 мың доллар) татитын екі қабатты пәтерге ие. IndiaTimes-тың 2021 жылдың ақпанында жариялаған ақпаратына сүйенсек, Джайнның жеке меншігінде тағы екі пәтер бар екен (құны шамамен 160 мың долларды құрайды).


Сондай-ақ, ол Танядағы екі дүкенін жалға беріп, айына 30 мың рупийден (360 доллар) алып отырады екен. Джайннің мүлкі мен басқа активтерінің жалпы құны белгісіз, бірақ Economic Times 2021 жылы оның байлығын шамамен 1 миллион долларға бағалаған.


Джайн Chhatrapati Shivaji Maharaj Terminus (CST) теміржол вокзалында және Азад-Майданның көрікті жерлерінде қайыр сұрайды екен.


«Көптеген адам жүз рупий табу үшін ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрсе, Бхарат адамдардың жомарттығының арқасында 10-12 сағат ішінде күн сайын 2000-2500 рупий (30 долларға дейін) табады», – деп жазады жергілікті басылымдар.

Қазір Джайн 55 жаста. Ол қаржылық тұрақсыздыққа байланысты жоғары білім ала алмаған. Дегенмен, Джайнның отбасы бар. Әйелі, екі ұлы, ағасы және әкесімен бірге өмір сүреді. «Қайыршының» балалары монастырь мектебінде білім алатын көрінеді.


Джайнның отбасындағы басқа мүшелер кеңсе керек-жарақтары дүкенін жүргізеді. Дереккөзге сүйенсек, олар Джайнға үнемі қайыр сұрауды тоқтату туралы кеңес береді екен. Бірақ ол кеңестерді елемей, әлі де қайыр сұрап жүр.


ЕНДІ ӘЛЕМДЕГІ ӨЗГЕ ДЕ БАЙ ҚАЙЫРШЫЛАР ЖАЙЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАСАҚ...

Саймон Райт. 37 жастағы лондондық кәсіби қайыршы садақа сұрауға күніне 8 сағат, ал демалыс күндері одан да ұзақ уақытын жұмсайды. Тоз-тозы шыққан киім киіп, ит жетектеп жүреді. Күн сайын жанынан өтетін мыңдаған тұрғыннан түсетін жылдық табысы шамамен 50 000 долларды құрайды екен. Әр кеш сайын ол өз үйіне шамамен 300 000 фунт стерлингпен оралады.

Эйша. Бірнеше жыл бұрын 100 жасқа толған әйел күндерін Джидте қайыр сұраумен өткізген. Көзі көрмейтін ол жылдар бойы көшеде тозығы жеткен киіммен ақша сұрап отырған. Ал бұл қайыршы қайтыс болған кезде 800 мың долларлық капиталы, 220 мың долларлық зергерлік бұйымдары мен біршама мүлкі бар екені белгілі болған. Бірақ оның бар байлығы иесіз қалды.

Самбаджи Кале. Бомбейде тұратын бұл азамат күнін отбасымен бірге қайыр сұраумен өткізеді. Оның жанұясы бір күн ішінде 1000 рупий табады екен. Сондай-ақ, олардың банкте 4000 рупийлік шоты және инвестициялық компанияда шоты бар екен. Дегенмен, олар біраздан бері садақа сұрауды тоқтатып, өздерінің сәнді пәтерлерінің біріне көшуді жоспарлап жүрген көрінеді.

Кришна Кумар Гите. Бомбейден тағы бір қайыршы. Ол кедей болып көріну үшін арзан мата оранып жүреді екен. Бірақ оған қызмет ететіндерге қарағанда, көп ақша табатынын оңай аңғарасыз. Оір күнде 1,5 мың рупийге дейін жинайды екен, және өз үйінде тұрады.

Уилл Андерсон. Нью-Йорктегі 40-тан асқан бұрынғы сахна қызметкері. Ит жетектеген ол қазір күн сайын садақа сұрап, сағатына шамамен 200 доллар табады.

Гари Томпсон – мүгедектер арбасында отырады. Бірақ адамдар оның физикалық және психикалық тұрғыдан төмен болып көрінетінін біле бермейді. Өзінің айтуынша, жылына 100 000 доллар жинайды екен.

Әлбетте, кей адамдар осы ақпараттарды оқып, теріс ойға берілуі мүмкін. Бірақ, бір рет берілетін өмірде ешкімге кіріптар болмай, адал еңбектің нанын жегенге жетер бақыт жоқ!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлемдегі ЕҢ ҮЛКЕН КЕМЕ алғашқы сапарға аттанды. Табиғат жанашырлары неге наразы?


Көктемді АСЫҒА КҮТКЕНДЕР үшін – ТАМАША БАҒЫТТАРДЫ таңдап қойдық