​ЖҮКТІЛІКТІҢ жетiлмеуiне ИНФЕКЦИЯ себеп болады – дәрігер

0
4 349

Лажы барынша УДЗ аппаратына жүктіліктің 10-шы аптасына дейін түспеген дұрыс.


​ЖҮКТІЛІКТІҢ жетiлмеуiне ИНФЕКЦИЯ себеп болады – дәрігер

фото: mail.kz

Іштегі шарананың өспей қалуын медицина тілінде «жетілмеген жүктілік» деп айтады. Жетiлмеген жүктiлiк – бұл болашақ нәреcтенiң жатырда ұрық күйiнде өлiп қалуы. Дәрiгерлер мұндай жағдайдың көбiне жүктiлiк мерзiмi 12 аптаға дейiнгi кезеңде болатынын айтады. Жетiлмей қалған жүктiлiк анықталған соң жатыр өлi ұрықтан тазартылады. Түсiк өзi түсiп қалады деп тазартуды кейiнге қалдыруға болмайды. Себебi өлi ұрық әйел ағзасына у ретiнде жайылып кетуi мүмкiн. Бұрындары жетiлмей қалған жүктiлiк 40 жастан кейiнгi әйелдерде байқалса, соңғы жылдары мұндай диагноз 25 жастағы әйелдерге де қойыла бастады. Жасыратыны жоқ, жетiлмеген жүктiлiк 12 апта ғана емес, 22 аптаға толған шараналарда да кездесiп жатыр. Ендеше, бұған не себеп болатынын, алдын алудың жолдарының қандай екенін Шымкент қалалық №7 емхананың акушер-гинеколог дәрігері Баймұсаева Айгүл Мұртазақызы (суретте) айтып береді.


– Айгүл Мұртазақызы, жүктiлiктiң жетiлмеуiне не себеп?

– Іштегі шарананың дамымауына ең алдымен инфекция себеп болады. Оны жұқтырған жүкті әйел осындай жағдайды басынан кешіруі мүмкін. Ал инфекция жыныс жолдарымен, моншадан, бассейннен жұғуы мүмкін. Егер жүктi әйел 12 аптаға дейiнгi кезеңде тұмауратып қалса да, құрсақтағы ұрықтың дамымай қалуына әсер етедi. Қалай десек те, ұрықтың құрсақта өлуi, сол өлi ұрықтың екi-үш апта жатырда жатып қалуы, әйел денсаулығына үлкен қатер төндiредi. Егер ұрық әйелдiң iшiнде 2-3 апта бойы өлi күйiнде жатса, токсинге айналып, әйелдiң қанына енiп кетедi.

Сондықтан да УДЗ аппаратына түсуді кешіктіруге болмайды. Дәрігерлердің нұсқауымен 10-12 аптада аппаратқа түсу керек. Екiншi рет – 19-21 аптада, үшiншi рет 32-34 аптада баруы тиiс.

Көрiп отырғанымыздай, жүктiлiк мерзiмi 10 аптаға дейiнгi мерзiмде УДЗ аппаратына түсуге рұқсат етiлмейдi. Себебi жүктiлiктiң алғашқы кезеңiнде ұрықтың орталық жүйке жүйесiн құрайтын жасушалардың миграциясы қарқынды жүрiп жатады. Егер осы кезеңде УДЗ аппаратына түсер болса, онда ультрадыбыстық толқындар жасушалар миграциясының процесiн бұзып жiбередi. Алайда әйелдің жағдайына қарай кей кездері ертерек УДЗ-ға түсуге мәжбүр болады. Бұлай болмаған күнде ол баланың қандай күйде екенін анық айту қиын. Лажы барынша УДЗ аппаратына жүктіліктің 10-шы аптасына дейін түспеген дұрыс.

фото: o-sebe.com

Ұрықтың өспей қалуына кім "кінәлі"? Тек ана ма?

Тек аналар ғана кінәлі деп айта алмаймын. Алайда бала ана құрсағында жатқан соң ол өзін күтуі керек. Иә, көп аналар өз денсаулықтарына мән бермей, тек жүкті болғаннан кейін ғана ойлана бастайды. Сөйтіп жүктілікке зиян келгенде жаны ауырып, қиналады. Өздеріңіз білетіндей, ана денсаулығы мықты болса, іштегі шарана да қалыпты дамып, уақыты-сағатымен туылады.


Қандай ауру шарананың жетілмей қалуына себепші болады?

Егер әйелдер жүктілікке дейін мына аурумен ауыратын болса, онда баланың өспей қалуы да ғажап емес.

  • Жүрек-қан тамыр аурулары;
  • Ішкі ағзалардың түрлі аурулары және инфекция;
  • Ағзаға зиянды әрекеттер (темекі, спирт, імішік);
  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Стресс.

фото: lastkey.ru

Шарананың өспей қалу қаупінің алдын алуға бола ма?

Қай ауруды болмасын емдеп жазғаннан, оның алдын алған әлдеқайда жеңіл. Сол сияқты болашақ сәбидің дұрыс жетіліп, қалыпты туылуы үшін мұндай келеңсіздіктің алдын алған дұрыс.

  • Әрбір әйел жүктілікке дейін толықтай тексерілуден өту керек. Сонымен қатар жүктілікке дайындалып жүргеніңізді де ескертіңіз. Міндетті түрде, терапевт, гинеколог, лор, стоматолог, эндокринолог дәрігерінің кеңесін алыңыз.
  • Тамақтануыңызға мән беріңіз. Бұл болашақ ана үшін өте маңызды. Себебі, жүктіліктің алдында диетаға отырып, салмақ тастауға болмайды. Себебі диета ағза үшін қажетті дәріменді, минералды шектейді.
  • Спиртті ішімдікті ішпеңіз, темекі тартпаңыз.
  • Таза ауада көбірек серуендеңіз. Көп демалуға, тынығуға тырысыңыз. Күндіз 30-40 минут ұйқытап алыңыз. Ұйқы ана мен бала денсаулығы үшін өте пайдалы.


Айгүл Мұртазақызы, керек кеңесіңізге үлкен рахмет!


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАУЫРДЫ тазалаудың КЕРЕМЕТ әдісі бар


ЫҚЫЛЫҚТЫ тоқтатудың БЕС амалы


ДӘРІСІЗ қандай ДЕРТТІ емдеуге болатынын білесіз бе?