​СІҢІРДІҢ ТАРТЫЛУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

0
15 309

Мүмкіндігінше дәрігерге тексеріліп, тиісті ем қабылдағаныңыз жөн.


​СІҢІРДІҢ ТАРТЫЛУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

фото: zdorovieinform.ru

Аяқ-қолыңыздың сіңірі жиі тартылса, бұлшықетіңіз ауырса, қан тамырларында жайсыздық орын алса, онда қандай да бір дәрумен мен минералды заттардың жетіспеушілігінен болады. Кей жағдайда басқа да аурудың әсерінен сіңір тартылады. Мұндай жағдайда өз бетіңізше ем алудан аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше дәрігерге тексеріліп, тиісті ем қабылдағаныңыз жөн. Медицина саласының мамандары аяқ-қолдың сіңірінің тартылуы түрлі дерттен дерек беретінін айтады. Нақтырақ айтқанда:


Ағзаның сусыздануы

Адам ағзасында ылғал жеткілікті болмаған кезде бұлшықеттердің жиырылуы жиілейді. Бұл кезде жүйке талшықтарының терминалдық бөлімдері сезімтал болып, бұлшықеттің құрысуы пайда болады. Мұндай жағдай күннің ыстығында, қарқынды спортпен айналысу кезінде жиі қайталанады.


Кейбір микроэлементтердің жетіспеушілігі

Ағзада микроэлементтер жеткіліксіз болғанда органдар тарапынан әртүрлі проблемалар туындайды. Атап айтқанда, бұлшықеттердің дұрыс жұмыс істеуі үшін денеге кальций, калий, магний және натрий қажет. Бұл заттардың жетіспеушілігі дұрыс тамақтанбағаннан, микроэлементтердің сіңуінің бұзылуынан туындауы мүмкін.

фото: novafootdoctor.com


Қант диабеті

Бұл дертке шалдыққан науқаста түрлі жағдайлар көрінеді. Ағзаның жұмысы бұзылады, тамырлар мен жүйке жүйесі сыр береді. Оған қоса, аяқ-қолдың сіңірі тартылады.


Варикоз

Аяқтың төменгі тұсының ісінуі, аяқтардағы ауырсыну мен шаршау – варикоздың белгісі екені мәлім. Бұл көбінесе тамырлардағы қан ағымының бұзылуынан, қанның тоқырауынан және жүйке жүйесінің бұзылуынан туындайды. Варикаозы бар кез келген науқастың аяқ-қолының сіңірі тартылады.


Гормоналды теңгерімсіздік

Гормоналды тепе-теңдіктің өзгеруі мен қайта қалпына келуі кезінде жиі сіңір тартылады. Көбінесе, жасөспірімдерде, жүкті немесе ереккір үзілісі кезеңдерінде байқалады.


Алкоголь мен темекі тұтыну

Алкоголь де, темекі шегу де тамырларда өзгеріс тудырады. Сондай-ақ кейбір маңызды микроэлементтердің сіңуін бұзады және жүйке жүйесінің жұмысына кері әсер береді. Бұл, кезде аяқ-қолдың сіңірі тартылады.

фото: pomedicine.ru


Дене температурасының жоғарылауы

Фебрильді құрысулар дене температурасының жоғарылауының жанама белгілерінің бірі болып табылады. Әсіресе жас балаларда жиі байқалады. Әдетте, бұлшық еттің құрысуы дене температурасы қалыпты жағдайға оралған кезде жоғалады.

Тіндерде темір мен фолий қышқылының жетіспеушілігі кезінде қолдар мен аяқтардың кішкентай бұлшықеттерінің жиырылуы пайда болады. Егер құрамы дәруменге, минералды затқа бай тағамдармен дұрыс тамақтанып жүрсеңіз, сіңірдің тартылуы өздігінен жоғалады. Егер аяқ-қолдың ғана сіңірі тартылмай, бүкіл денеңіздің бұлшық еті ауырса, онда орталық жүйке жүйесін тексертуге кеңес береміз.


Кімнің сіңірі жиі тартылады?

  • спортшылар мен ауыр салмақтағылар;
  • үш жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
  • күшті гормоналды өзгерістер кезеңіндегі әйелдер (жүктілік, етеккірдің үзілуі, етеккірдің бастапқы кезеңі);
  • ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істейтіндер;
  • алкоголь мен темекіге әуес жандар;
  • қатаң диеталарды ұстанатындар;
  • қалқанша безі, қан тамырлары ауыратындар мен қант диабетіне, онкологиялық ауруға шалдыққан ануқастар;
  • күнделікті сұйықтықтың жеткіліксіз мөлшерін тұтынатындардың сіңірі жиі тартылады.


Аяқ-қолдың сіңірі тартылғанда ағза ауырсыну сезімін байқайды. Өйткені түйілудің салдарынан бұлшықет тіндерінде гипоксия күйі қалыптасады. Оттегі мен қоректік заттардың жетіспеушілігі, зат алмасу өнімдерінің тоқырауына байланысты ағзада улану үдерісі басталады. Нәтижесінде жүйке ұштары үнемі тітіркенеді, ұзаққа созылған ауырсыну белгісі пайда болады. Ендеше, аяқ-қолыңыздың сіңірі тартылғанда, елеусіз қалдырмай дәрігерге тексеріліңіз.


Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бүйректегі ҚҰМ қайдан ПАЙДА болады?


Ағзаны ШЛАКТАН қалай ТАЗАЛАУДЫ білесіз бе?


АҒЗАДАҒЫ артық СУДЫ шығарудың АЛТЫ жолы