Неге ДӘРІГЕРЛЕР бұл ТАҒАМДАРДЫ жеуге БОЛМАЙДЫ дейді?

0
5 213

​Барлық дәрігерлер осы тағамдарды жемеңіз деп қатаң тапсырады. Неге соншалықты қатты тыятынын білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз.


Неге ДӘРІГЕРЛЕР бұл ТАҒАМДАРДЫ жеуге БОЛМАЙДЫ дейді?

фото: goodfon.ru

Кез келген адамның басты байлығы – денсаулығы. Денсаулықты күту, оны аялау әрбіріміздің міндетіміз. Дені сау адамның өмірге көзқарасы жақсы, көңіл күйі тамаша, бойы қуатқа толы, жұмыс істеу қабілеті ерекше болады. Ал денсаулықты мықты ету өз қолымызда. Зор денсаулық иесі болу үшін мына 2 маңызды жағдайды орындаңыз. Біріншісі, дұрыс тамақтану, екіншісі – жаман әдеттен арылу. Осы екеуі денсаулығыңызды жақсартып, саулығыңызды сақтайды.


Егер сіз дұрыс тамақтанбайтын болсаңыз, кез келген дертке шалдығасыз, асқазан, ас қорыту жолдарында мәселе туындайды, зат алмасу жұмысы бұзылып, бойыңыздан әл кетеді. Медицина мамандары дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану – зор денсаулықтың кепілі дейді.


Әсіресе, вирустың қайта өршіген уақытында жейтін тамаққа өте мұқият болған абзал. Өйткені тамақ арқылы біз иммунитет қалыптастырамыз, бойымызға қуат береміз әрі инфекцияға қарсы күшке ие боламыз. Ендеше, бойыңызды ауруға алдырмай тұрғанда дұрыс тамақтануды қолға алыңыз.

фото: infourok.ru


ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Күнделікті тұтынатын тағамыңыз түрлі дәрумендерге, минералды заттарға, ақуызға, аминқышқылына, май мен көмірсуға бай болуы керек. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де мұқият сақтаңыз:

  • Аз-аздан, жиі жеңіз;
  • Тағамның пайдалылығы мен зиянын ажыратыңыз;
  • Дәмдеуіштерді шектеңіз;
  • Алкогольді сусындар мен темекіні ұмытыңыз. Оған қоса, көбірек қимылдаңыз, физикалық жаттығулар жасаңыз, таза ауада жиі серуендеңіз.

Егер осы ережжелерді сақтасаңыз, салмағыңызды қалпына келтіресіз, жалпы жағдайыңыз жақсарып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Спорт пен физикалық жаттығу – бойыңызға қуат береді әрі өзіңізге деген сенімділікті арттырады.

фото: blotos.ru


ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУДЫҢ НӘТИЖЕСІ

Дұрыс тамақтанбау – ағзаны асықпай «улайды». Өте баяу жолмен денсаулығыңызға зиянын тигізеді. Ағза шлакқа толып, қауіпті ауруларға шалдығуы ықтимал. Одан бөлек:

  • Мезгілмен тамақтанбау және артық жеп-ішу зат алмасуды нашарлатып, ішкі ағзалар мен бұлшықеттің май жинауына ықпал етеді. Салдарынан артық салмақ жиналып, семіздік ауруына шалдығады. Өздеріңіз білетіндей, артық майдан арылу оны жинауға қарағанда өте қиын.
  • Темекі тарту ішкі ағзаларды қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Оның зиянын тіпті қорабына дейін жазып қойған. Ендеше, темекіге деген құмарлықты тежемесеңіз өкпеңізден айырылуыңыз ғажап емес.
  • Алкоголді сусындар – бауыр циррозы ауруына шалдығады. Зерттеушілер аз мөлшердегі алкоголь денсаулыққа пайдалы дейді. Ал артығымен сілтеп қойса, ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді.
  • Қою демделген кофе – жүрек-қан тамыр ауруларын қоздырады. Бойыңызға сергектік сыйлап, қуат беретін, тәтті ұйқыңызды ашатын кофенің де пайдасымен қоса, зияны бар екенін ескеріңіз. Егер сіз күніне 10 шыны кофе ішетін болсаңыз, дереу кардиолог дәрігерге тексеріліңіз. Өйткені қою демделген кофе сіздің «моторыңыздың» істен шығуына септігін тигізеді.
  • Тәтті тағамдар – қант диабеті ауруын тудырады. Мейлінше, тосап, шоколад, конфет, торт секілді тәттілерді шектеңіз. Тәтті тағамдар ішектегі құрттардың көбеюіне, тері ауруларының қозуына септігін тигізеді.
  • Жаңа піскен жұмсақ нан тәбетіңізді ашады. Алайда құрамындағы глютен заты қауіпті аурулардың пайда болуына септігін тигізеді. Әсіресе, зоб, склероз және панкреатит ауруларын асқындырады.
  • Майлы және қақталған тағамдар – ісік ауруларының қаупін туғызады. Аталған тағамдарды артығымен жесеңіз, ағза тұзға және ауыр металға толады да, нәтижесінде ісік аурулары белең алып, бүйрекке тас жиналады.
  • Картоп пен макарон өнімдері – денсаулыққа өте зиян. Әсіресе, семіздікке бейім жандарға, қант диабетімен ауыратындарға және жүйкесі сыр бергендерге жеуге тыйым салынады.


Егер сіз саулығыңызды жақсартқыңыз келсе, онда аталған тағамдарды аптасына 2-3 рет қана тұтынуға болады. Ал үзілді-кесілді тыйым салынған тағамдарды ұмыта тұрғаныңыз жөн. Оның орнына денсаулығыңызды жақсартып, көңіліңізді көтеретін, ағзаңызға пайдалы тағамдарды көбірек жеңіз. Аурудың астан екенін ешқашан ұмытпаңыз.


Дереккөз: polzaivredno.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өкшеге ЙОД жағу арқылы ЗОБТЫ емдеуге болады


Коронавирустан САҚТАНУДЫҢ 7 жолы бар


БІР шоқ ЖҮЗІМ бойыңызды билеген ШАРШАУДЫ басады