​КОРОНАВИРУС пен ПНЕВМОНИЯДАН сақтану үшін МЫНА үш ДӘРУМЕНДІ ішу керек

0
7 604

Бұл ДӘРУМЕНДІ аталған ІНДЕТТЕН жазылғандарға да ішуге болады


​КОРОНАВИРУС пен ПНЕВМОНИЯДАН сақтану үшін МЫНА үш ДӘРУМЕНДІ ішу керек

фото: m24.ru

Бұл дәрумен ағзаны түрлі аурудан, инфекциядан, вирустан қорғауға қабілетті. Сонымен қатар, әлсіз ағзаны қуаттандырады әрі иммунитетіңізді нығайтады. Жаныңызға тыныштық сыйлап, көңіл-күйіңізді көтереді. Дәруменнің бәрі де пайдалы. Десе де нақты мына дәрумендер әлемді жаулаған індетке қарсы тұра алады:

  • D3 дәрумені
  • С дәрумені
  • В тобындағы дәрумендер.


Мамандардың айтуына қарағанда, D3 дәрумені вирустық аурулардың өршуіне тоқтау салады, тыныс жолдарындағы инфекцияны өлтіреді, өкпені зақымдайтын микробтың көзін құртады әрі коронавирус ауруының алдын алады екен.


Д3 дәрумені алдымен бауырға түседі де, сонан соң басқа ағзаларға тарайды. Сонымен қатар:

  • Кальций элементінің сіңуіне ықпал етеді;
  • Иммундық жүйені жақсартады;
  • Жүйке жүйені тыныштандырады;
  • Көңіл-күйді көтереді;
  • Мидың жұмысқа қабілеттілігін арттырады;
  • Терінің зат алмасу жүйесін қалыпқа келтіреді;
  • Қатерлі ісік ауруларының алдын алады. Одан бөлек, балалардағы созылмалы мешел ауруын емдеуге қабілетті. Тіс пен сүйектің саулығын жақсарту үшін де ұсынылады.

Бұл дәруменді балықтың бауырынан және майынан, қара уылдырықтан, майлы балықтан, жұмыртқаның сарыуызы мен тұздалмаған сары майдан таба аласыз.

D3 дәруменін күніне 4000 МЕ мөлшерінде ішу керек.

фото: dietologiya.info


В тобындағы дәрумендер қалжыраған ағзаны қалпына келтіріп, аяғыңызға күш, бойыңызға қуат беруге қабілетті.

Сонымен қатар:

  • Инфекциямен күреседі;
  • Ағзаны қуаттандырады;
  • Бұлшықеттің саулығын арттырады;
  • Жүйке, жүрек қан тамыр ауруларын емдейді;
  • Депрессиядан қорғайды;
  • Жалпы көңіл-күйді көтереді.

фото: foto-volos.ru

Ал С дәрумені иммундық жүйеңізді нығайтады. Егер иммунитетіңіз мықты болса, ағзаңыз кез келген сырқатқа төтеп бере алады.


Егер ағзаңызды С дәруменімен толықтырсаңыз, онда мына аурулардан сақтанасыз:

  • Иммунитетіңізді көтереді;
  • Инфекциялық аурулардан қорғайды;
  • Антиоксиданттың қызметін атқарады;
  • Зат алмасуды реттейді;
  • Терінің саулығын жақсартады;
  • Атеросклероздың алдын алады;
  • Жүйке ауруларынан айықтырады;
  • Ақыл-ойыңызды дамытып, жұмысқа қабілетіңізді арттырады.


Дәруменді қабылдау мөлшері салмағыңызға қарай 50-ден 200 мг-ға дейін болмақ. Оған қоса, мырыш элементін, кверцетин мен фитожиынтығын қабылдау да артық болмайды.

фото: vmin.ru

Қайсы дәруменді немесе минералды затты қабылдамас бұрын

міндетті түрді ДӘРІГЕРДІҢ кеңесін алыңыз.


Аурудың ауылынан алыстау үшін дәрі, дәрумен қабылдау аздық етеді. Дене жаттығуларын жасап, дұрыс тамақтануды қолға алу керек. Таза ауада серуендеу мен тынығу да осы ауруға ем екенін ескеріңіз.


Аталған дәрумендерді коронавирустан, пневмониядан айыққан науқастарға да ішу ұсынылады. Өйткені бұл дәрумен ағзаны аурудан қорғап қана қоймайды, ағзаның саулығын арттырады.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАН ҚЫСЫМЫ: КӨТЕРІЛСЕ немесе ТҮССЕ онда АСКӨК жеңіз


АНТИБИОТИК бұл АУРУҒА ем БОЛМАЙДЫ


КОРОНАВИРУС пен ПНЕВМОНИЯДАН сақтану үшін МЫНА үш ДӘРУМЕНДІ ішу керек