​ҚАН қысымы ТҮСІП КЕТКЕНІН немесе КӨТЕРІЛГЕНІН қалай БІЛУГЕ болады?

0
39 427

Қан қысымының өзгеруі қалай белгі береді?


​ҚАН қысымы ТҮСІП КЕТКЕНІН немесе КӨТЕРІЛГЕНІН қалай БІЛУГЕ болады?

фото: Яндекс.Дзен

Әр адамның үйреншікті қан қысымы түрліше. Біреулер төмен қан қысыммен жүрсе, енді бірінікі жоғары болады. Ал егер қандайда бір жағдай себеп болса қан қысымы көтеріледі не түсіп кетеді. Оны қалай білеміз? Қалай белгі береді? Осы жөнінде нақты мәліметтерді ұсынамыз.


Қан қысымының қалыпты мөлшері қандай болады?

Қан қысымының қалыпты мөлшерінің сынап бағаны 120/80 мм болады. Алайда ғалымдар жасқа байланысты бұл өзгеруі мүмкін екенін алға тартады.

Айталық 60 жастан асқан адамның сынап бағаны 150/90 мм болса, бұл қалыпты.

Ал 40-60 жастағылардікі 140/90 мм көрсетуі әбден мүмкін. Бұл да шошитындай көрсеткіш емес.

20-40 жастағылардың сынап бағаны 120-130 мм мен 70-80 мм көрсетсе, ал 17-20 жас аралығындағы жастардың сынап бағаны 100-120 мм мен 70-80 мм болуы әбден мүмкін.

Бұл көрсеткіштер адам саулығының жағдайын айтпайды. Десе де, осы қалыптың өзгермегенін бақылап тұру керек.

фото: simplerule.ru

Қан қысымының өзгеруі қандай дерттен дерек береді?

Қан қысымы әп-сәтте-ақ көтеріліп немесе түсіп, мазаңызды алуы мүмкін. Қан қысымының өзгеруі қандай да бір аурудан дерек береді. Мәселен, қан қысымы төменгі қалыпта жүретіндердікі көтеріліп кетсе, онда бүйрегі мен қалқанша безі ауырып тұр деген сөз. Одан бөлек, туберкулез, атеросклероз, қаназдық ауруынан сақтанғаныңыз жөн. Ал егер қан қысымы төмендеп кетсе, жүрек қан тамыр ауруларының белгісі болып табылады.

Жалпы қан қысымының өзгеруі бірден білінбейді. Бірақ белгі береді.


Қан қысымы көтерілгенде:

  • жүрек қағысы өзгереді;
  • басыңыз солқылдап немесе қысылып ауырады;
  • жүректің айналасы ауырады;
  • ұйқысыздық мазалайды;
  • күйгелектікке салынып, тез ашуланасыз.


Қан қысымының көтерілуіне:

  • тұқымқуалаушылық;
  • шылым шегу;
  • психикалық және физикалық ауыртпалық;
  • артық салмақ;
  • ішімдік ішу;
  • тұзды мөлшерден көп қолдану;
  • демалыссыз жұмыс істеу себеп болады.

фото: eastberkshireccg.nhs.uk


Емделу жолы қандай?

Қан қысымының көтерілуі өте қауіпті. Салдарынан бүйрекжетімсіздігі, инсульт немесе инфаркт дертіне шалдығасыз.

Дәрігерлер мұндай науқастарға қатаң түрде салауатты өмір салтын ұстауға кеңес береді. Тұрақты диета, уақытылы дәрілер қабылдау, қан қысымын жиі-жиі бақылап тұру керектігін айтады.

Одан бөлек, қан қысымы көтеріліп кететіндер артық салмақты тастаулары керек. Мейлінше бір қалыпты салмақта жүргендері жөн. Тәтті, майлы, тұзды, жартылай дайын тағамдарды шектеулері тиіс. Оған қоса, ішімдік пен темекіні тастап, дұрыс демалғандары жөн.

Мейлінше жеміс-жидектер мен көкөністерді көбірек жеген пайдалы. Дастарханыңыздан өрік, құрма, жүзім, анар, алма, мейіз, құлпынай, банан, цитрусты жемістер мен қызанақ, асқабақ, брокколи, сәбіз, фасоль, картоп секілді көкөністердің үзілмеуін қадағалаңыз.

Оған қоса, жаңғақ пен шекілдеуіктің де пайдасы орасан.


Қан қысымы төмендегенде:

  • ұйқышылдық;
  • ашуланшақтық;
  • әлсіздік пен шаршау мазалайды;
  • жиі есінен танады;
  • ауа жетпегендей қысылады;
  • ісінеді.

Әсіресе, 40 жастан кейін қан қысымы бірден төмендеп, адамды қиын жағдайға әкеледі. Одан сақтану үшін жиі-жиі қан қысымын тексертіп тұру керек.


Емделу жолы қандай?

Қан қысымы төмендеген науқасқа айтарлықтай күтім керек. Саулығына сақ болып, жаман әдеттерден арылса, денсаулығы да жақсарады. Сондықтан да ішімдік пен темекіні біржолата тастаңыз. Уақытыңыздың көп бөлігінде таза ауада серуендеңіз. Бөлмені де жиі-жиі желдетіп отырыңыз. Қысатын, жайсыздық тудыратын киім кимеңіз. Моншаға, саунаға көбірек барып, қарама-қарсы душ қабылдаңыз.

Тамақтануға да өте мұқият болғаныңыз жөн. Күніне аз-аздан 5-6 рет тамақтануға әдеттеніңіз. Қан қысымы төмен науқастардың ең пайдалы әрі нәтижелі емі – тыныш ұйқы екенін ескеріңіз. Мейлінше 8 сағаттан артық не кем ұйықтамаңыз. Стресс алудан сақтаныңыз. Спорттың жеңіл түрімен айналысқаныңыз дұрыс. Міндетті түрде таңғы ас ішу керек. Артынан 1 шыны қою демделген кофе немесе шай ішуді ұмытпаңыз.

Тамақтану мәзіріне ірімшік, сары май, нан мен қара шоколад қосыңыз. Анда-санда тұзды тағамдардан да дәм татып тұрыңыз. Ал шайдың орнына долана, (боярышник), сермене (лимонник) немесе шайқурай (зверобой) тұнбасын ішіңіз. Күніне бір рет ем үшін 1 стақан анар шырынын ішсеңіз, қан қысымы өз қалпын тұрақты сақтайды әрі сізді жайсыз жағдайдан қорғайды.


Дереккөз: polonsil.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Себепсіз ЖЫЛАУ мына БЕС аурудың белгісі


Іш ЖЕЛДЕНІП ауырғанда маринадталған ҚИЯР жеңіз


Балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтеретін СЕГІЗ әдіс