​БЕЛ мен БҮЙРЕК ауруын ШАТАСТЫРЫП алмаңыз

0
21 462

Бұл екі аурудың белгілері бірдей болғанымен, емделу жолдары әртүрлі


​БЕЛ мен БҮЙРЕК ауруын ШАТАСТЫРЫП алмаңыз

фото: medklinika.spb.ru

Бүгінде екінің бірінің белі ауырады. Ауру белгісі де әртүрлі көрініс береді әрі қандайда бір уақыт аралығында қайталанып тұрады. Алайда кейбіріміз бел мен бүйрек ауруын ажырата алмай жатамыз. Негізінде ауыртпалығы бірдей болғанымен, белгілері екі түрлі екенін ұмытпаңыз. Сондай-ақ емі де екітүрлі болмақ. Егер сіз мазалап жүрген беліңіз немесе бүйрегіңіз екенін білмей жүрсеңіз, мына белгілерге мұқият болыңыз.


БҮЙРЕК ауруының белгілері:

  • бүйрек айналасынан ауырлық сезіледі;
  • жалпы жағдайыңыз нашарлайды;
  • әлсіздік, енжарлық пайда болады;
  • қалтырау, дене қызуы өзгереді;
  • іштің төменгі тұсы ауырып, несеп шығаратын кезде қиындық туады;
  • несеп түсі қоюланып, сасық иіс шығады;
  • асқынған жағдайда несепке қан мен ірің араласады;
  • жүрегіңіз айнып, құсқыңыз келеді;
  • үлкен дәрет өзгереді;
  • ұйқышылдық пен шаршау жайлайды;
  • қан қысымы көтеріледі;
  • таңертең көздің айналасы іседі.

Міне, осы белгілер бүйрек ауруынан дерек береді.

фото: more-vsego.net

Егер БЕЛ немесе БҮЙРЕК ауырып мазаласа, онда терапевт, нефролог, травматолог, вертебролог дәрігерлерінің көмегіне жүгіну керек.

Жоғарыда аталған белгілердің тууына:

  • қант диабеті;
  • кариес, бадамша безінің қабынуы және басқа да вирусты аурулар;
  • бүйректің қабынуы, бүйректің төмен түсуі (нефроптоз), бүйрек және бүйрек түбінің қабынуы (пиелонефрит);
  • жүктілік, әсіресе соңғы айлардағы жүктілік ауыр өтеді;
  • ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуі;
  • бүйректің шаншып ауруы, құм мен тастың жиналуы, ағзаның жарақат алуы себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, темекі мен спиртті ішімдіктер де бүйректі зақымдайды.


БЕЛ ауруының белгілері

Бел ауырған кезде аяқ пен шап қоса ауырады. Бел ауруы басқа да ағзалардың ауырғанымен бірдей көрініс береді. Әсіресе, ауыр зат көтергенде, ыңғайсыз қимылдағанда бел ауырып, адам қалтырай бастайды. Бел ауырған кезде қызу көтерілмейді, жүрек айну, құсу сияқты жайсыздықтар орын алмайды. Сонымен қатар:

  • азынақ жел соққанда;
  • остеохондроз және сегізкөздің ауруы;
  • жұқпалы ауру жұқтыру, омыртқа бағанасының жарақат алуы;
  • жарық (грыжа), омыртқаның жылжуы;
  • буындардың суықтауы бел ауруынан көрініс береді.

Жоғарыда көрсетілген белгілерге қарап, өзіңіздің нақты қай ағзаңыздың ауырғанын анықтап алыңыз.


Егер бүйрек ауруының белгілері байқалса:


фото: klg.medcentr63.ru

  1. Несеп пен қанға сараптама жасатасыз;
  2. УДЗ өтесіз. Бұл аппарат бүйректің қабынуын ғана анықтап бермейді. Сонымен қатар жатырдың жағдайын да көре алады. Оған қоса, онкологиялық ісіктің бар-жоғын анықтайды;
  3. МРТ немесе КТ бел мен бүйректі тексертуге болады;
  4. Рентген. Бұл аппарат остеохондроз немесе протрузия ауруларын анықтауға қабілетті.


Емделу жолдары қандай?

Ауруыңыз нақтыланған соң ұсынылған ем-шараларын үзбей алуға міндеттісіз. Одан бөлек:

  • Тамақтану мәзіріне де мұқият болыңыз. Бойыңызды дендеген дерттен құтылғанша майлы, ащы, газды, тұзды тағамдарды шектеңіз;
  • Физикалық салмақ салатын жұмыстарды жасамаңыз;
  • Иммунитетті нығайту үшін дәрумендер жиынтығын қабылдаңыз;
  • Мейлінше көкөністерді, жемістерді үзбей жеп, сұйықтықты көбірек ішіңіз.

Сонымен қатар:

  • беліңіз бен аяғыңызды жылы ұстаңыз;
  • жеңіл жаттығу жасаңыз, таза ауада серуендеңіз;
  • бір қырыңызбен көп жатуға немесе отыруға болмайды;
  • салқын душ қабылдамаңыз;
  • арнайы төсеніш пен жастыққа жатуға тырысыңыз.


Дереккөз: uromir.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЛИМОН мен МАЙСАНА ішекті ШЛАКТАН тазалайды


Мына ТӨРТ түрлі ДЕРТКЕ шалдыққандарға БАНАН жеуге БОЛМАЙДЫ


ГЕМОРРОЙДАН құтқаратын БЕС емді біле жүріңіз