«Жігіттер ұрысқақ қатын сияқты»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева еркектерге ренішін білдірді

0
1 348

«Қатын сияқты салғыласып...»


«Жігіттер ұрысқақ қатын сияқты»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева еркектерге ренішін білдірді

Жұлдызай Дүйсенбаеваның ашуға толы даулы видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Актриса бұл бейнеүндеуінде Шымкенттің жігіттеріне өкпе-ренішін айтқан.
Жұлдызайдың ызасын тудырған оқиға Шымкент қаласында болыпты. Өнер иесі видеода жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін жігіттерге ренішін айтып, бүкіл әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Тіпті танымал актриса кикілжіңді тудырған ер адамды "ұрысқақ қатынға" теңеп, Шымкенттің жігіттеріне тікелей бейнеүндеу жолдаған.

"Таңертең Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында болдым. Барлығы бірдей емес, әрине! Қолдарынан келгенше жақсы қызмет көрсетуге тырысты. Бірақ ішінде бір жігіт бар. Түрін көрсетпей-ақ қояйын. Негізі Шымкенттің жігіттері ондай емес сияқты еді. Қатын сияқты салғыласып... Неге мұндай болып кеткенсіздер? Кешірім сұраймын осындай сөзім үшін. Бірақ сондай болып кеткенсіздер. Сонша діңкілдейсіздер. Ал адамдар ХҚО-ға барған кезде шағым түсірсе, ренжисіздер. Мен қай ХҚО екенін белгілемей-ақ қояйын. Өздерінің ұяттары білсін", - деді актриса.