«Үш әртістің концертіне 220 миллион»: Алматы әкімдігі Роза Рымбаева бастаған әртістерге осынша қаржы бөлген

0
1 141

«Неге жас дарындарға бермейді?»


«Үш әртістің концертіне 220 миллион»: Алматы әкімдігі Роза Рымбаева бастаған әртістерге осынша қаржы бөлген

Алматы әкімдігі Роза Рымбаева, Марат Бисенғалиев және Жәмила Серкебаеваның концертіне бюджеттен 220 миллион теңге бөліп отыр. Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook-тегі парақшасында жазды.


Ол өз жазбасында концерттердің шығынын неліктен әкімдік толығымен төлеуі керек деген сауал қойған. Бюджеттен бөлінетін қаржымен іс-шараларды жарнамалау, залдарды жалға алу, концерттерге дыбыс пен жарық, ұйымдастырушылар (жетекші, режиссер), костюмдер, артистердің жатын-орны және салықтық шығындар төленеді.

Неліктен бюджет қаржысы қаламыздың жас дарындарына грант ретінде емес, осы артистердің концерттеріне жұмсалуы тиіс? Жас таланттар ондаған жыл бойы халықаралық еліміздің намысын қорғайды. Оларға қаржылық қолдау ауадай қажет, - дейді Ерлан Нұрпейісов.

Ол Мәдениет басқармасының міндеті осы емес пе деп отыр. Оның ойынша, тәжірибелі және танымал артистердің өздерін қамтасыз етуге шамасы жетеді. Олар тойлардан-ақ қаржыны жақсы табады.