«Түлкі ғой»: Нұрлан Еспанов өзі туралы өсекке ренжігенін айтты

0
1 256

«Не түлкілік істегенімді білмеймін»


«Түлкі ғой»: Нұрлан Еспанов өзі туралы өсекке ренжігенін айтты

Белгілі эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов "Шәй үстіндегі әңгіме" бағдарламасында басынан өткен бір жәйтті баяндады. Әншінің айтуынша, өнердегі әріптес, өкшелес інілерінің бірі өзі туралы "Түлкі" деп айтқанын естіпті. Содан соң қатты мазасы қашқан өнер иесі басынан өткен оқиғаны былай деп баяндады.


Бір күні бір әріптесім студияда теледидардан мені көріп, «Ойбай, мынау Нұрлан Еспанов па? Бұл түлкі ғой» депті. Мен оған не түлкілік істеп қойғанымды білмеймін. Ол жігіттің сөзі басқа бір жігіттер арқылы менің құлағыма жетеді. Сосын мен ұйықтай алмай шықтым. «Мен кімді алдадым? Кімнен қарыз алып, қайтармай қойдым немесе қарызға ақша бермей қойдым? Кімді балағаттадым, кімді боқтадым?» деп терең ойға батып кеттім. Өмірде ешкімге жамандығым жоқ. Кішкентай баламен балаша, үлкенмен үлкендерше сөйлесіп кете беремін.

Күндердің күнінде ана жігітпен қаланың шетіндегі бір тойда жолығып қалдым. Сәті түсіп тұрғанда ана жігіттен жүзбе-жүз сұрадым. Қашаннан ішім қайнап жүрген еді.

–Сен менен жәбір шектің бе? Сенен қарыз алып болмаса бермей қойдым ба? Болмаса бір иттік істедім бе?

–Жоқ.

–Онда неге ана студияда мені түлкі деп айтасың? Мен саған не түлкілік жасадым? – дедім.

–Мәә, Нұреке, сыртыңыздан сөйтіп ойлап жүргенмін. Негізі мен басқа біреуді айтайын дегенмін. Сол әңгімем сізге ауып кетті, - деп ақталды ақырында.



Желідегілер әншінің ақкөңіл екенін жазып жатыр.


«Нұрлан аға өте ақкөңіл жан ғой», «Сіздің жүрген жеріңіз түлкі емес, күлкі ғой. Өте көңілді, адал жан екеніңіз жүзіңізден көрініп тұр», «Керемет жан» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.