«Сын айтылған сайын жерге кіретін біздер»: Гүлзира Айдарбекова келіндерінің өзін тыңдамайтынын айтты

0
5 704

«Бастарына тиген күні түсінер»


«Сын айтылған сайын жерге кіретін біздер»: Гүлзира Айдарбекова келіндерінің өзін тыңдамайтынын айтты

Отандық жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасы бала-шағасымен бірге дәл қазір шетелде демалып жүр. Әнші Қайрат Нұртас пен оның балалары елдегі ата-анасы мен бауырларына сәлем жолдап, амандықтарын тіледі. Одан бөлек, жұлдызды отбасының атасы мен әжесіне Аян ұлынан тараған немерелері де былдырлап видеосәлемдеме жолдаған. Осы видеоларды жүктеген Гүлзира Айдарбекова бірнеше оқырманымен «айтысып» қалды.


Дәл осы жазбаның астына «Неге қазақша сөйлетпейді?» деген пікір қалдырыпты бір оқырман.



– Біз ұлдарымызды солай тәрбиеледік. Елден қаншама сөз, мысқылдар естідік кезінде. Қайрат орысша сөйлемейді, сөйлей де алмайды деген. Бірақ өз тіліңнен ұялма, басқа тілмен шүлдірлегендер өз тілін білмегеніне өздері ұялсын деп ескертіп отырдық. Ал енді немерелердің жанында бола бермейміз, оның үстіне келіндер өз анасымыз өзіміз туып алғанбыз, өзіміз білеміз дейтін шығар, ия деп қояды да, өз білгендерін жасайды ғой. Әрине сын айтылған сайын жерге кіретін біздер, бастарына тиген күні түсінер, - деп жауап берді.


Атақты продюсердің бұл жауабына киліккендер де табылды.

«Гүлзира ханым, мына жерде ашық түрде Жұлдызды ұнатпайтыныңызды білдіріп отырсыз ғой. Ол сізге не жамандық істеді, айтқаныңыздан шықпай, 10 жыл сөзіңізді екі етпей үйіңізден шықпай отырды емес пе, сол он жыл неге немерелеріңізге өзіңіз дұрыс тәрбие бермедіңіз?» деп жазды тағы бір оқырман.

– Неге от үрлеп отырсыз? Мен Жұлдыз жайлы айтсам, келінімнен не сізден қорқып отырғаным жоқ. Қазір келіндердің бәрі баяғы біздер емес, жарайды деп бәрібір өз тәрбиесін бергенін қалайды. Өздерінің дегендерін жасайтындары өтірік емес, оны өздеріңіз де инста әлемінен байқап жүрсіздер. Тек меніі емес барлық келіндер заманға қарай солай. Біздің дегенімізбен ғана жүрсе, мына әлем өзгеріссіз тұра берер еді, - деді Гүлзира Айдарбекова.