​«Шошаңдама, секеңдеме, өзіңе ие бол!»: Айтыскер Сара Тоқтамысова орамал таққан құрбыларына ренішін білдірді

0
8 078

«Соларды көргенде, қарап отырып өзім қысылам»


​«Шошаңдама, секеңдеме, өзіңе ие бол!»: Айтыскер Сара Тоқтамысова орамал таққан құрбыларына ренішін білдірді

Белгілі айтыскер-ақын Сара Тоқтамысова өзінің «Инстаграм» парақшасында орамал таққан қыздарға ақыл айтты.


«Орамал тақтың ба, соған сай бол! Ормал тақтың ба, сөзіңе ие бол! «Тик-токта» немесе «Инстаграмда» отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма.


Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп әр жерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі, орамал – сенің абыройың.


Кейбір орамал таққан құрбыларым, сіңлілерім бар. Осы «Инстаграмда» жүр, анау «Тик-ток» дегенде де жүр. Қарап отырып өзің қысыласың. Егер солар осы видеоны көріп қалса, ескерер. Өзімізді тәрбиелейік, Рамазан айы – тыйылу айы» деп жазды Сара Тоқтамысова.


Ақынның ақылына желі қолданушылары да өз ойын қосты. «Дұрыс жүру үшін орамал міндет емес. Ең бастысы- тәрбие. Орамал жай ғана киімнің атрибуты», «Орамалдың ар-намысқа қатысы қанша, әйтеуір айтқыш екем деп айта бересіңдер», «Дұрыс, алаяқтардың көбі осы орамал таққандардан шығып жатыр. Өз пайдасы үшін оранып, тірлігі біткен соң шешіп тастап жатқандар да бар», «Орамал таққандар, тақпағандар деп бөлмей, жалпы қазақ қыздарына осылай ақыл айту керек», «Сара ақынның ақылы өте дұрыс», «Адамгершілік орамалмен өлшенбейді» деп жазды көпшілік.