"Сен менің ғұмырымның жалғасысың!.." : Асанәлі Әшімов тойда ұлына ән арнады

0
4 094

Алтынбек Қоразбаевтың ұлының үйлену тойында өнер тарландары бас қосты.


Қазақстанның халық әртісі, композитор әнші Алтынбек Қоразбаев ұлы Рүстем Қоразбаевты Айдана есімді сұлуға үйлендіріп, ұлы мен келініне үлкен тойын жасап берді. Композитордың қуанышына жанашыр өнер адамдары да ортақтасты. Соның ішінде өнер тарландарының тоғысуын әнші Сәкен Майғазиев парақшасында жариялады.

Қазақ еліне аты мәшһүр кино және театр актерлері Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманұлов тойда ән шырқап, би билеп, қонақтардың қошаметіне бөленген.



Айта кететін нәрсе, бұл дүбірлі тойға Алтынбек Қоразбаевтың екінші жары Сандуғаш Стамғазиева келмеген сыңайлы. Желіде бірінші әйелі Гүлжахан Әкімбайқызының қуанышты суреті бар.

Оқырмандар бұл айрықша сәтке жылы лебіздерін арнауда. «Керемет көрініс, керемет жиын», «Асанәлі атаның екі ұлы да өмірден өткені жанына қатты батты ғой. Содан кейін атамыз қатты өзін тастап жіберді. Кинода ойнаған рөлдерінің бәрін жақсы ойнап шықты», «Қандай керемет! Көзіме жас келді. Аман болыңыздар қазақтың маңдайына біткен дарабоз тарландары. Осы кісілердің қолына су құйып жүрген, батасын алған Ақ Сакен әрқашан биіктерден көріне беруіңе тілектеспін», «Асекең әлі мықты, 100 жасасын!» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.