"Рухты елінде көтермегесін": Рәміздер күнімен құттықтаған Айнұр Тұрсынбаеваның видеосы көпшілікке ұнамай қалды

0
2 820

Ол күйеуі мен оның достарының бірге ән айтып тұрған видеосын жариялаған.


Белгілі айтыскер, қазір танымал мотиватор Айнұр Түрсынбаева жерлестерін рәміздер күнімен құттықтап, видео жариялаған болатын. Видеода оның күйеуі мен достары танымал "Елім менің" әнін шырқап тұр. Бірақ бұл видео көпшіліктің ашуын тудырғандай. Олай деуге олардың пікірлері себеп.


Аталмыш видеоға олар "Не пайда айдалада айтып отырғанша. Жастарға мақтанышпен өзге елде жүргенің көрсеткенше. Өз еліңде осыны көрсетсе дұрыс емес пе? О дүниеге барсаң да өзінің еліңе жерлейді емес пе?", "Оны басқа елде айтқанша өзімізге келіп айтпай ма", "Туды желбіретіп атқа мініп әрі бері шапқылаудан, өлең айтудан, той тойлаудан басқа білеріміз жоқ сияқты, қытайлардың елімізге сіңіп кіріп жатқанына, елім, жерім деген бауырларымыздың жазықсыз тор қамақта отырғанда..." деген сияқты пікірлерін жазған.