«Өздері енді ғана табысып еді...»: Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті

0
1 135

Әкесінен кешірім сұрап, ата-анасына ән арнаған болатын.


«Өздері енді ғана табысып еді...»: Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті

Қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды.

«Қаралы хабар, қазақтың аяулы қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүниеден өтті. Қанаты бүтін - сұңқар, тұяғы бүтін - тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Айгүл ханым, бекем болыңыз» деді ол.

Айта кету керек, Айгүл Иманбаева әкесімен ренжісіп, бірнеше жылдан бері араласпай кеткен еді. Биылғы маусым айында Астанада өткен ән кешінде көрермендердің алдында әкесінен кешірім сұрап, ата-анасына ән арнаған болатын.

Қаралы хабарды оқыған Айгүлдің тыңдармандары оған көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. «Өздері енді ғана табысып еді, қиын болған екен», «Анаңыз аман болсын, кешірім сұрап үлгергеніңізге шүкір», «Иманы саламат болсын» деп жазды көпшілік.