"МузАрт" тобы тарай ма?": Сәкен - Шымкентке, директоры - Жамбылға басшылыққа кеткеніне тыңдармандары алаңдаулы

0
5 529


Халықтың ең сүйікті тобы "МузАрттың" директоры жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарады. Бұл туралы әріптестері мен достары желіде жазды.

Бүгін Ерлан Жүнісбайдың өзі тілектестерге рақмет айтып, нәтижеге жұмыс істейтінін айтты.

"Қадірлі достар, бауырлар! Кешелі бері айтылып, жазылып жатқан ақ тілектеріңізге рахмет. Мәдениет өзім жақсы білетін сала. Алдағы уақытта Жамбыл облысының мәдениет саласын биік белестерге көтеру үшін барымды саламын. Қазір сөздің емес істің заманы. Болашақта нәтижесіне қарап, бағасын өздеріңіз берерсіздер. Ниеттес, тілектес болған ағайынға мың алғыс!" —, деп жазды директор.




Тыңдармандар оның қызметі үшін қуанса да, "МузАрт" тобы үшін алаңдаулы. Топтың белді мүшесі Сәкен Майғазиев те жақында Шымкент қаласына қызметке келген еді.